Алматы метросының өкілдері бүлінген поезд оқиғасын түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Поездың суреті әлеуметтік желіде тарап жатыр.
«Метрополитен» МКҚ өкілдерінің мәліметінше, оқиға 19 наурызда электр депосының тұрақ жолдарында маневр жұмыстарын жүргізу кезінде болған. Машинист жол тұйығындағы темір тіреуге соғылып қалған.
«Метрополитен» МҚК-ның қозғалыс және пайдаланудың қауіпсіздік ережелерінің 5.3.11 пунктіне сай оқиға жұмыс кезіндегі ақауға жатады және апат болып есептелмейді. Поездың астыңғы бөлігінің сыртқы жағы (бампері) бүлінген. Поезд техникалық тұрғыда ақаусыз», — дейді метро өкілдері.
Метро бекітілген қозғалыс кестесі бойынша штаттық тәртіпте жұмыс істеп тұрғанын айта кетейік.