Колумбия мен Аустралия құрамаларының жолдастық кездесуі (0:0) кезінде қызық жағдай болды.
Жанкүйерлердің бірі Хамес Родригес үшін алаңға жүгіріп шыққан. Мұнымен қоса, қыз телефонына колумбиялық футболшымен видео түсіріп үлгерген.
Сондай-ақ, видеода оның соңынан күзетшілердің жүгіріп бара жатқаны көрінеді. Нәтижесінде қыз ұсталды. Оның есімі Лора Николь екені белгілі болды. Ол фото мен видеоны Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.
Қыздың профайлында оның модель және актриса екені көрсетілген. 27 мыңнан аса жазылушысы бар.