Банкпен соттасқан Қостанай тұрғыны жеңіп шықты

0 17

Қостанай қалалық соты банктен алған қарыз келісімшартын жарамсыз деп тану туралы қала тұрғынының арыз-шағымын қарады, — деп Zhambylnews AA  хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Сот материалдарында көрсетілгендей, 2013 жылы шағымданушы мен банк арасында келісімшарт жасалған. Шартқа сәйкес шағымданушы ай сайын банк қызметі үшін 4200 теңге көлемінде комиссия төлеуі керек болған.

Шағымданушы келісімшартты негізсіз деп танып, қосымша төлемді банк  заңсыз түрде алып келгеніне байланысты сотқа арызданады.

«Шағымданушы бұл төлемді заңсыз деп есептеп, комиссияны төлеу және банктен ұсталатын соманы қайтару бөлігінде несие шартын жарамсыз деп тану туралы сотқа талап қойды», — деп түсіндірді ведомство.

Сот шағымданушының талаптарын толығымен қанағаттандырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.