Павлодар облысына жұмысқа тұрғыңыз келсе…

0 1

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Төлеби ауданының халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен жалпы жұмыссыз азаматтарға және жұмысқа жарамды мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды отырар сайты.

Жәрмеңке барысында аудандағы 27 жұмыс беруші мекемелерден 98 бос жұмыс орындары және Павлодар облысындағы бос жұмыс орындары ұсынылды.

Сондай-ақ, қысқа мерзімді кәсіптік оқу курстарынан 11 мамандық бойынша 245 орын ұсынылды.

Жәрмеңкеге барлығы 108 адам қатысып, 72 адам жұмысқа жолдама алды. Қалған азаматтар қысқа мерзімді кәсіптік оқу курстарына өтініш білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.