«Жетісудың» бұрынғы футболшысы кісі өлтіргені үшін 9 жылға сотталды

0 16

Алматы облысының соты «Жетісу» футбол командасының бұрынғы ойыншысына қатысты үкім шығарды. Оған кісі өлтірді деген айып тағылған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қылмыс 2017 жылғы қарашаның 28-інен 29-ына қараған түні, Көксу ауданы Балпық би ауылында орналасқан букмекерлік кеңсе маңында болған. Қылмыстық іс материалдарына қарағанда, аталған ауыл тұрғыны футболшы Саят Сәриевтен ақша талап еткен. Ал ақша беруден бас тартқан футболшыға қол көтерген. Өз кезегінде Сәриев автокөлігінен заңсыз сақталған шолақ мылтығын алып шығып, ауыл тұрғынына атқан. Ол алған жарақаты салдарынан оқиға орнында мерт болды.

Сот Сәриевті кінәлі деп тауып, оны 9 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. «Саят Сәриев ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі және 287-бабы 2-бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылды. Осыған орай оған 9 жылға бас бостандығынан айыру туралы жаза тағайындалды», — делінген сот үкімінде.

Айта кетерлігі, Алматы облыстық соты осы істің апелляцияға берілгенін нақтылады. Ол бойынша сот тыңдауы 4 сәуірге белгіленген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.