Павлодардағы көпқабатты үйлердің бірінен шыққан өрттен ер адам қаза тапты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
«30 наурыз күні сағат 05.11 де Қамзин көшесіндегі тоғызқабатты үйдің бірінші қабатындағы шаруашылық бөлме өртенді. 6 шаршы метрді шарпыған тілсіз жау 1964 жылы туған ер адамның өмірін қиып кетті. Өрттің бастапқы себептерінің бірі — шылым шегудегі абайсыздық»,- деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Өрт туралы хабар 05.52-де түсіп, 06.13-те толықтай өшірілді. Подъезден 20 адам шығарылды, олардың ішінде 7 бала бар. Оқиға орнында 17 өрт сөндіруші мен 6 техника жұмыс істеді.