Қызылордада балаларына қарамаған әйел айыппұл төледі

0 6

Арал аудандық сотында кәмелетке толмаған балаларына тиісті деңгейде қарамауға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Балалардың анасы кәмелетке толмаған жеткіншектерді ұзақ уақытқа өзінің қарауынсыз қалдырған.  Ол өзінің аналық міндеттерін дәлелді себептерсіз орындамаған.

Сотта ол өз кінәсін мойындады. Жауапсыз ананың кінәсі іс құжаттарымен толық дәлелденген. Сот қаулысымен оған 11 785 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.