Шымкентте балмұздақтан уланған адамдар саны 50-ге жетті

0 8

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды 24хабар арнасы.

Қазіргі таңда қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөліміне түскен жүкті әйел мен екі жасөспірім жалпы бөлімге шығарылды.

 «Тәтті жеп жедел ішек инфекциясы ауруына шалдыққандардың қазіргі таңда жағдайы бірқалыпты», – дейді ақхалаттылар.

Ал аталған жайт бойынша Әл-Фараби аудандық полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне «санитарлық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды.

Құқық қорғау органының қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.