Шымкентте балмұздаққа уланғандар ауруханадан шығарыла бастады

0 5

ОҚО Денсаулық сақтау басқармасы Шымкентте балмұздақтан уланып қалғандар жазылып, кейбірі ауруханадан шығарылатынын айтты.

«Бүгін балмұздақтан уланып, жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған науқастар болған жоқ», — деді облыстық денсаулық басқармасында.

Сараптама қорытындысы бойынша, балмұздақтан 50 адам зардап шеккен, оның жиырмасы кәмелеттік жасқа толмағандар.

Дереккөз: Baq.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.