Тараздағы киелі жер неге қоқыс алаңына айналды?

0 27

Тараз тұрғындары тарихи-мәдени Тектұрмас кесенесі айналасына тұрмыстық қалдық тастауды әдетке айналдырған, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Жамбыл арнасына сілтеме жасап.

Бұл мәселе облыс басшысының сынына ілікті. Сыннан нәтиже шығару үшін қала әкімдігінің аумақтық инспекторлары және қалалық ардагерлер ұйымының мүшелері қасиетті жерді тазалауға өздері кірісіп кетті.

Данияр Қалжан Тараз  қалалық ардагерлер кеңесінің 4-ші аумақтық округінің төрағасы:

«Тектұрмас кесенесі тұрғындар мен қонақтар көп баратын жердің бірі. Алайда, айналаның тазалығы алаңдатпай қоймайды. Жергілікті тұрғындар мен демалуға келетін жастардың әрекеті мынадай.   Енді міне олардың ластап кеткен жерлерін қариялар тазалап әлек».

Жақсылық Досаев, Тараз  қалалық ардагерлер кеңесінің 10-шы аумақтық округінің төрағасы:

«Өткен жылы  жергілікті полиция тарапынан бей-берекет  қоқыс тастағаны үшін 68 азаматқа  айыппұл салыныпты. Бірақ, одан түзелген тірлік шамалы.  Тазалық сақтамау қала көркіне ғана қатысты мәселе емес. Экология ластанады. Ең бастысы, адам денсаулығына зиян».

Жандос Өмірзақов, Тараз қаласы әкімінің орынбасарының айтуынша, жалпы облыс бойынша тазалық айлығы әлі де жалғасып жатыр. Тазалық қоқысты жинайтын жерде емес, шашпайтын жерде жақсырақ болады екен. Бұл қағидат биліктегілерге де, қарапайым халыққа да ортақ болуы шарт. Осыны бұқара толық түсінбей көне Тараздағы тазалықтың түзелер түрі жоқ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.