Таразда Құрманғазы күйлері күмбірледі

0 8

Тараз төрінде «Жаңарған Жамбыл күмбірі» атты Қазақ ұлт аспаптар оркестрінің концерті болып өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Жамбыл арнасына сілтеме жасап.

Салтанатты кеш  Астананың 20 жылдығы мен аты аңызға айналған қазақтың ұлы күйші -композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығы аясында ұйымдастырылған.

Ұлттық өнерді ұлықтауға жиналған жұртшылық. Лық толы зал. Көрерменді тәнті еткен әртістер мен өнерпаздар. Бәрі бәрі дәл осы концерт көрінісінен сыр шертеді. Кеште алашқа аты мәшһүр ұлы дала сазгерлері мен танымал композиторлардың 20 – дан аса шығармалары орындалды.

50 кәсіби музыкант. Бай репертуар және халықаралық конкурстардың лауреаты дарынды дирижер Адай Жұмат — филармония мақтанышы.

Күй құдіреті баураған кеште шетел композиторлары да шет қалған жоқ. Кезінде атағы асқан «Алатаудың» ізін жалғаған оркестр көрерменді өнерімен таңдай қақтырды.

Қайырбек Асанов, Ақын:

«Бұл оркестр дәстүрімізді жаңғырту мен халқымыздың бай қазынасын насихаттау үшін  құрылған.  7 жылдағы еңбек айнасы – бүгінгі коцерт».

Мазмұны бай кеш  Ұлттық өнерге сусаған көрерменге рух сыйлап, толымды  тарту болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.