Шығыс Қазақстаннан өзге, тағы төрт облысты топан су басуы мүмкін

0 0

Өйткені, күн райы күрт жылынып, жауын  жауғалы жатыр. Бұл тасқын қауіпін төндіріп отыр дейді синоптиктер, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA КТК арнасына  сілтеме жасап.

Мәселен, Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарында су деңгейі бүгіннен бастап көтерілуде. Оның үстіне мұнда алдағы күндері жаңбыр жауады.

Еліміздің оңтүстігі мен Алматыда да су тасуы мүмкін. Бұл аймақтарда қатты жауын жауып қана қоймай, ауа температурасы көтеріледі.

Көптен күткен жылу солтүстік өңірлерге де жетеді. Әсіресе, Ақмола, солтүстік Қазақстан мен Қарағанды облыстарында қыс бой жатқан қалың қар бірден еріп, өзендер арнасынан асуы мүмкін.

Павлодар облысында да жағдай мәз емес. Мұнда Шүлбі су қоймасы ернеуінен асқан соң, суды ағызуға тура келген. Сондықтан өзен бойындағы елді-мекендерді қызыл су басуы мүмкін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.