Жамбылдықтар Халық қаһарманын еске алды

0 1

Бүгін Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің Даңқ алаңында Халық Қаhарманы Ғазиз Байтасовтың туған күніне орай митинг өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Іс – шарада Ғ.Байтасовтың ескерткішіне әріптестері мен туыстары гүл шоқтарын қойып, батырды 1 минут  үнсіздікпен еске алды.

«Ғазиз көзі тірі болғанда 47 жасқа келер еді. Жасаған ерлігі полиция қызметкерлеріне үлгі болды, оның есімі ұмытылмайды. Ол Отанын, халқын, жерлестерін қорғап, жастай өмірімен қош айтысты», — дейді Халық Қаhарманының жұбайы Гүлжамал Махамбетқызы.

Сондай – ақ, жиынға қатысушылар ІІД-нің мұражайындағы Ғазиз Байтасовқа арналған бұрышпен танысты. Қазіргі таңда қаламыздың оқу орындарында Ғазиз Байтасовтың ерлігіне байланысты «Ерлік сағаттары» өткізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.