Төменгі палата депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Парламент Мәжілісінің сайтына сілтеме жасап.
Сапардың басты тақырыбы — Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамаларын түсіндіру. Осыған байланысты депутаттардың әрқайсысы нақты бастамалар туралы егжей-тегжейлі тоқталды.
Мәселен, депутат Құралай Қаракен Елбасының бес басымдығы «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» туралы үшінші басымдығына назар аударды.
Бүгінгі таңда елде 17-29 жас аралығындағы 3,5 миллионнан астам жастар бар, олардың 15 пайызы ғана жоғары оқу орындарына қабылданады. Бұл шамамен 530 мың адам, оның ішінде 30% — мемлекеттен бөлінген гранттар. Жоғары білімнің қолжетімділігін және сапасын арттыру үшін 2018-2019 оқу жылында 54 000-ға қосымша 20 мың грант бөлу ұсынылады. Оның ішінде 11 мыңы — техникалық мамандықтар бойынша бакалаврларды даярлауға арналған.
Сондай-ақ, студенттердің білім алу және тұру жағдайына ерекше назар аударылатын болады, — деп атап өтті депутат Құралай Каракен. Депутаттардың облыстардағы сапары барысында К. Қаракен, Б. Макен, Г.Щегельский мен П.Шарапаев Глубокое ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесті.