Батыс Қазақстан облысында тағы бір жолды су басты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
БҚО ТЖД баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, кеше сағат 16:35-те Қаратөбе ауданында аудандық маңызы бар Қаратөбе-Қарақамыс жолының 3-шақырымында қатты еріген қар суы жолдың үстіне шығып кеткен. Судың ені 20 метр, тереңдігі 20-30 см болған.
Жергілікті атқарушы органдармен бірлескен іс-қимыл нәтижесінде 40 қызметкер мен 5 техниканың көмегімен инертті материалдары бар 1800 қап төселген.
Бұл жолдан басқа айналма жол да бар, ол жақын елді мекендермен қарым-қатынасты үзбеуге мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде аталған жолға кезекшілік қойылған.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын 28 наурыз күні Бөкей ордасы ауданы Бисен ауылдық округі аумағында облыстық маңызы бар жолдың үстіне су шығып кеткенін жазған болатынбыз.