Қордайда 13 ауылшаруашылық кооперативі құрылған

0 2

Бұл жайында ӨКҚ алаңында өткен брифингте  Қордай ауданының  әкімі мәлімдеді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Мемлекет тарапынан ауылшаруашылығының дамуына жыл сайын қаржылай қомақты көмек көрсетілуде.

2017 жылы барлығы егін шаруашылығында 439,8 млн.теңге, мал шаруашылығы бойынша – 1095 миллион теңге  субсидия төленген.

Келісілген меморандумға сәйкес 2017 жылы ауданда жоспарда 7   кооператив құру болса, бүгінгі күнде жеке қосалқы шаруашылықтардың бірігуімен 13  кооператив құрылған. Оның ішінде: Сүт өндіру бағыты бойынша 2, Ет бағыты бойынша 8, егін шаруашылығы бойынша құрылғаны 3 кооператив болып отыр.

Ауданда негізгі ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі артып, ет 19444,5 тонна,  сүт  өндіру 61439,9 тонна, 18994,2 мың дана жұмыртқа өндірсе, 8,3 тонна  қозы еті шетелге экспортталған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.