Жамбылдық оқушылар жеті жыл қатарынан үздік атанды

0 4

Жалпы білім беретін пәндердің жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша Республикалық олимпиада 15-20 наурыз күндері – Атырау қаласында, ал қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша 25-30 наурыз күндері – Қостанай қаласында өтті. Аталған білім додасында жамбылдық оқушылар топ жарып, қанжығаларын майлап қайтты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.

Биылғы оқу жылы жамбылдық оқушылар үшін жемісті жыл болды. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Қостанай қаласында өткізілген олимпиада теориялық және практикалық кезең бойынша өтті. Жарыстың қорытындысы бойынша жамбылдық оқушылар 3 алтын, 6 күміс және 14 қола медальды жеңіп алды.

Осы орайда, облысымыздағы дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» мектеп-интернаты «Ең үздік олимпиадалық мектеп-2018» номинациясын қатарынан 10-шы рет иеленді. Сонымен қатар, 15-20 наурыз аралығында Атырау қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға Жамбыл облысынан 46 оқушы қатысып, 5 алтын, 7 күміс, 15 қола медальмен марапатталды.

Білім деңгейлерінің биіктігімен топ жарған жамбылдық оқушылар биыл да «Ең Үздік команда-2018» номинациясының иегері атанып, командалық есепте І орынды жеңіп алды. Сөйтіп, 7-ші жыл қатарынан өздерінің үздік екендіктерін дәлелдеді. Білім бәйгесінде бақтарын сынаған жамбылдық 28 оқушыға «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 20-жылдығы Грамотасы табысталды.

Біздің Telegram-парақшамызға  Жазылыңыздар!

Leave A Reply

Your email address will not be published.