Ақтөбедегі 300-ден астам жеделсатының тозығы жеткен

0 5

Ақтөбедегі 300-ден астам лифтті пайдалану адам өміріне қауіпті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA 24kz сайтына сілтеме жасап.

Олардың барлығының қызмет көрсету мерзімі өтіп, әбден тозығы жеткен. Соған қарамастан тұрғындар ескірген көтеру механизмін күнделікті пайдалануға мәжбүр.

Өңірдегі бірқатар лифтке қызмет көрсететін серіктестік директоры Бақытжан Кенесарин техниканың бұл түріне көңіл аудармаса, жағдайдың ушығатындығын жеткізді. Лифттердің техникалық ахуалына жауапты мекемелер жекенің қолында. Әркім бір басшы болған соң бұл салада тиісті біліктілігі мен білімі жоқ азаматтар көбейді.

«Тұрғын үйлердің өзін-өзі басқару бірлестіктері қаражатты үнемдеу үшін лифт шаруашылығын кез келгеннің қолына ұстата салады», – дейді мамандар.

Өңірде 20-ға жуық қызмет көрсету компаниясы тіркелсе, олардың тең жарымының кәсіби біліктілігі күмән туғызады. Сондықтан оларға қатаң бақылау қажет. Алайда өңірдегі бірде-бір мемлекеттік мекеме лифт қауіпсіздігіне жауапты болмай шықты. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы тек лифттерді тіркеумен ғана айналысады.

Самат Лепесов, Ақтөбе облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының бөлім жетекшісі:

«ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы 359-бұйрығына сәйкес жүк көтергіш механизмін пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамассыз ету қағидаларын бекіту туралы ережелеріне сәйкес біздер тек тіркеу жұмыстарын жүргіземіз».

Бақытжан Кенесарин, серіктестік директоры:

«Көшеден келген адамдар ешкімге салық төлемейді. Ешқандай дұрыс қызмет көрсетілмейді, ешқандай сараптама, техникалық сараптама өткізілмейді. Жалпы Қазақстанның заңдарына сай қызмет көрсетілмейді».

Leave A Reply

Your email address will not be published.