Таразда республикалық спартакиада басталды

0 3

Тараз-Арена кешенінде Баскетболдан Республикалық спартакиада бастау алды. Ауқымды спорт аламанының  ашылу  салтанаты өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Жамбыл арнасына сілтеме жасап.

Бұл жарыс  Қазақстан Республикасындағы  мектеп және колледж оқушыларының арасында  өтеді. Дәстүрлі спартакиада биыл  9-шы рет Әулиеата жерінде ұйымдастырылды.  Қазақстанның төрт тарабындағы 11 аймақтан 100-ден аса спортшы жиналды.

Бұл жарыстың бір ерекшелігі іріктеу сындарына ауылдық, аудандық командалар да қатысады.  Нәтижесінде Тараз төріндегі додаға   11 құрама жиналып отыр.  Олар енді алдағы бірнеше күн бойы өзара сайысқа түсіп, кім мықтыны анықтайтын болады. Спартакиада жас буынның саламатты өмір салтын ұстануына сеп болып, бұқаралық спорттың дамуына сеп болады деген сенім бар.

Садық   Мұстафаев    ҚР  Ұлттық ғылыми дене шынықтыру орталығының бас директоры:   

«Бұл жарысымыздың мақсаты: білім мектеп оқушылары арасында ең бірінші бұқаралықты дамыту.Жас ұрпақ өскелең ұрпақтың ең бірінші денсаулықтарын жақсарту. Осы спорт арқылы барлық Қазақстанның төңірегінде барлық облыстардың ауылдық, аудандық елді мекендердің оқушыларының осындай көпті білгеннен емес, көпті көргеннен сұра. Осындай бағытта ұйымдастырылып отырған спартакиадамыз болашақта да көптеген осы бүкіл әлемдік жарыстарға осы мектеп оқушыларының деңгейін тексеріп басқа мемлекеттерге болашақта жоспар бар..» ,- деді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.