Су тасқыны: ШҚО-ға дін өкілдері гуманитарлық көмек жеткізді

0 19

Шығыс Қазақстанның діни бірлестік өкілдері Зырян ауданының тасқыннан зардап шеккен тұрғындарына гуманитарлық көмек берді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Әуелі Грехов ауылына ат басын тіреген дін өкілдері ондағы оңалту орталығында жатқан Малеев ауылының тұрғындарымен кездесті. Бұдан кейін Зубов кентіндегі тұрғындардың хал-жағдайын білді. Тұрғындар жергілікті әкімдік тарапынан да, облыс басшылығы тарапынан да уақтылы көмек жетіп жатқанын айтты.

Діни бірлестік өкілдері зыряндықтарға 8 тоннадан астам ұн, макарон, жарма өнімдері мен күнбағыс майын, көрпе-жастық пен киім-кешек табыстады. Ал апатқа байланысты ашылған арнайы қорға 1,5 млн теңге аударылды.

«Өңірде мұндай табиғи апат болып жатқанда діни бірлестік өкілдері де шет қалмады. Оларға тек қана материалдық тұрғыдан көмек көрсетіп қоймай, елді сабырға шақырып, моральдық тұрғыдан демеу болғысы келді. Сол себептен осы сапарды ұйымдастырдық», — дейді облыстық дін істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Тимур Жігітаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.