Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен кетті

0 11

Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің (МҰҚК) төрағасы Абдил Сегизбаев өз өтініші бойынша қызметінен босатылды. Бұл туралы жарлыққа президент Сооронбай Жээнбеков қол қойды, — деп хабарлайды  «Zhambylnews» AA Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Абдил Сегизбаев 2015 жылғы қарашада МҰҚК төрағасы болып тағайындалған. Оған дейін үкіметтік емес ұйымдарда қызмет атқарған, 2005 жылғы наурыздағы халық наразылығы нәтижесінде елден қашқан Қырғызстанның тұңғыш президенті Асқар Ақаевтың соңғы баспасөз хатшысы болып істеген.

2010 жылы Абдил Сегизбаев қайтадан саясатқа араласа бастады, 2011 жылы ол президент Алмазбек Атамбаевтың көмекшісі болып істеді, кейін президент аппаратының ақпараттық саясат бөлімін басқарды. Мұнан соң президенттің кеңесшісі, тағы біраз уақыттан соң МҰҚК төрағасы орынбасары болып тағайындалды.

2017 жылғы қазанда Абдил Сегизбаевқа «генерал-майор» әскери шені берілген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.