«АрселорМиталл Теміртау» кен орнында жұмысшы қаза тапты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Дүйсенбіде, 2018 жылы 9 сәуірде дайындаманы үзіліссіз құю машинасы-2 конвертерлік цехында қайғылы оқиға болды. Соның салдарынан 1973 жылғы компания қызметкері қайтыс болды.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды», — дейді «АрселорМиталл Теміртау» АҚ компаниясының баспасөз қызметі. Сондай-ақ, ведомстводағылар қаза болған адамның туыстары мен жақындарына көңіл айтады.