Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында доллар қымбаттады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА Kurs.kz порталына сілтеме жасай отырып.
Порталдың мәліметінше, ақша айырбастау орындарында долларды 325 теңгеге сатуға болады. Максималдық көрсеткіш 328 теңге екен.
Қазақстандық биржаның 9 сәуірдегі күндізгі саудасының қорытындысына қарағанда ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 320,41 теңге болды.