Жеңіс саябағы жандануда

0 4

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов «Жеңіс» саябағын қайта қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты. Қазір саябақтың кейпін жетілдіру  бағытындағы жұмыстар қарқын алған.

Қайта қалпына келтіру ісіне бас мердігер «Жасыл Ел Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тартылып отыр. Жалпы саябақты қайта жаңғыру үшін бюджеттен 370 миллион теңге қаражат қарастырылды. Бүгінде саябақ аумағындағы Ілияс Жансүгіров көшесіне тағы бір жолақ қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, саябаққа кірер тұсқа екі қақпа орналастырылмақ. Саябақтың ортасына «Мәңгілік алау» және Бауыржан Момышұлы ескерткіші орнатылады. Сондай-ақ мұнда  «Батырлар аллеясы»   мен «Даңқ»  аллеясы  монуметтері бой көтермек.

Онда Жамбыл облысынан соғысқа аттанған  азаматтардың тізімі жазылады. Бүгінде  бұл тізім облыс әкімдігі мәдениет архивтер және құжаттама басқармасымен толықтырылып жатыр. Саябақ аумағын абаттандыру, көгалдандыру, көгеріштендіру жұмыстары да қолға алынып, Қазыбек би көшесі мен Қонаев көшесі аралығындағы  «Үшбұлақ» каналының бойына жағажай жасалануда.

Мұнан бөлек, саябақты веложолдармен жабдықтауға ерекше көңіл бөлініп отыр. Саябақта ҰОС жәдідігерлері қойылған мұражай да салынады. Бұған дейін саябақта орнатылған  ауғаны соғысы, Семей   ядролық сынақтар және Чернобыль атом электр станциясындағы  апат салдарын жоюшыларға арналған ескерткіштің орны ауыстырылып, нысанның келбеті қайта өңдеуден  өткізіледі.

Демалыс орнының қарсы бетінде орналасқан «Евразия» кинотеатрын мемлекеттік меншікке алып, оны «Жастар орталығы»  етіп жасақтау жұмыстары да жүргізілуде. Айта кету керек, Тараздықтар ағымдағы жылы 9-мамырында Жеңіс күні мерекесін жаңа кейіпке енген саябақта атап өтетін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.