Ақтөбедегі автобус өртіне қатысты жүргізушіге іздеу жарияланды

0 0

Ақтөбеде жанып кеткен автобустың иесіне іздеу жарияланды, — деп xабарлайды «Zhambylnews» АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бас прокуратураның қоғамдық мүддені қорғау қызметінің басшысы Азамат Дүйсембековтың айтуынша, Ақтөбедегі автобус өрті Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша тергеліп жатыр. Себебі көлік құралын пайдалану ережелерін бұзу салдарынан екі адамнан көп өлім болды. Өзбекстанның 52 азаматы ажал құшты.

«Негізі, қылмыстық іс аяқталуға жақын. Алайда автобус жүргізушілер өз кінәларын мойындап отырған жоқ. Ал автобустың иесіне іздеу жарияланды. Оған қатысты 348-бап бойынша тергеу амалдары басталды. Аталған бапқа сәйкес, теxникалық ақаулығы бар автобусты жолға шығарғаны үшін көлік иесін жауапқа тарту қарастырылған», — деді А.Дүйсембеков Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, 18 қаңтарда «Самара-Шымкент» тасжолында автобус өртеніп, 52 адам қаза болды. 5 адам автобустан шығып үлгерген. Аман қалған 5 адамның екеуі Өзбекстан азаматы, үшеуі Қазақстан азаматы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.