Айдар Шәрібаевтың жекпе-жегі тікелей эфирден көрсетіледі

0 2

Еліміздің кәсіпқой бокс жанкүйерлері Айдар Шәрібаевтың чемпиондық жекпе-жегі тікелей эфирден көрсетіледі, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Golden Boy» промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен өтетін аталмыш кәсіпқой бокс кешін әлем бойынша ESPN телеарнасы көрсетеді. Ал қазақстандық бокс сүйер қауым жерлесіміздің жекпе-жегін Астана уақытымен 13 сәуірдің күні таңертең «Setanta Қазақстан» телеарнасы арқылы тікелей эфирден тамашалай алады. Кештің басты айқасында екінші жартылай жеңіл салмақ дәрежесінің боксшылары мексикалық Франсиско Варгас пен америкалық Род Салка шаршы алаңға шығады.

Айта кетейік, «Diamond ring» боксшысы өзінің кезекті кездесуін АҚШ-тың Индио қаласында өткізеді. 10 раундқа жоспарланған бұл жекпе-жекте жерлесіміз америкалық Эндрю Канчиомен айқасып, екінші жартылай жеңіл салмақ дәрежесіндегі WBA Inter-Continental чемпиондық белбеуін сарапқа салынады.

Бұл  АҚШ-тың Майами қаласында жеке бапкері Дерик Сантос-Росариомен жаттығып жүрген Айдар Шәрібаевтың сегізінші жекпе-жегі болмақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.