Тәрбиеші — бағбан, гүл — бала!

0 12

Елбасының болашаққа бағдар «Рухани жаңғыру»  бағдарламалық мақаласы аясында «Ертарғын» балабақшасында  тәрбиешілер арасында сайыс өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA. 

Байқау  4 кезеңнен тұрды. Әдеттегідей өздерін таныстырудан бастаған,  қатысушылар екінші кезеңде жобалық инновациялық технологияларды  еркін меңгергендігін көрсетті. Сондай-ақ топтың шығармашылық өнері де ортаға салынып, ата –аналармен өзара байланыс  жасаудың жаңа түрлері көрсетілді.

«Педагогтардың еңбекке деген құлшынысын арттыру. Олардың өз ісіне деген жауапкершілігін арттыру бүгінгі конкурстың басты міндеті», — деді Гүлфайруз Ізтаева қалалық білім бөлімінің әдіскері.

«Педагогтар шығармашылығын барынша көрсету керек. Заман талабына сай балаларға білім беру керек», — деді Роза Базарбаева «ЕРТАРҒЫН» балабақшасының меңгерушісі.

Жалпы аталған балабақшаның ашылғанына не бәрі 3 жыл болған. Десе де  бұл тәрбие ошағының  жетістіктері жетерлік. Қазір мұнда  көптеген білікті мамандар. Еңбек етуде.  Бала тәрбиесіндегі жоспарлары нақты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.