«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары М. Əшімбаев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді.

0 1

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары М. Əшімбаев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Əулиеата өңіріне ат басын бұрған төрағаның орынбасары алдымен Тараз қаласында салынып жатқан 15 мөлтекаудан құрылысымен танысты. Мұнда əрқайсысы 80 пəтерлік 10 көпқабатты үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Жыл аяғына дейін ел игіліне беріледі деп күтілуде.

Атқарылып жатқан жұмыстармен танысқан М.Əшімбаев құрылыс басындағы жұмысшыларымен де жолығып, пікірлесті. Бұдан кейін бас партия төрағасының орынбасары Жамбыл облыстық филиалының кезектен тыс ХХІ конференциясына қатысты. Жиынға өңірдің барлық аудандары мен Тараз қаласынан делегаттар келген.

Конференция барысында облыс əкімі А.Мырзахметов «Нұр Отан» партиясы ЖОФ төрағасы болып сайланды. М. Əшімбаев бас партияның алға қойған мақсаты мен міндеттеріне тоқталды.

«Нұр Отан» партиясы Елбасының барлық бағдарламалары мен бастамаларының орындалуын қадағалап, жобалардың жүзеге асуына өз үлесін қосатын болады. Партия төрағасының орынбасары конференциядан соң жастармен жəне «100 жаңа есім» жобасының қатысушыларымен кездесетін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.