БАҚ пен Сот органдарының байланысы нығая түспек

0 1

Кеше Жамбыл облыстық сотында бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA. 

Халық пен билік арасына алтын көпір құру,  қоғамдық пікір қалыптастыру — Бұқаралық ақпарат құралдарының басты міндеті. Сондықтан, Қазақстанның тұрақтылығы, бейбітшілігі мен келісімі негізінен олардың азаматтық ұстанымымен тығыз байланысты.

Іс-шара барысында тараптар соттардың қызметін жарықтандыру және сот процестеріне тілшілердің қатысуы кезінде туындайтын өзекті мәселелерді талқылады.

Иә, бүгінде БАҚ пен сот арасында өзара ынтымақтастық қарым-қатынас берік орнаған. Журналистерге ақпарат алу жеңілірек бола түсті. Десек те, әлі жеделділік жетіспейтін сияқты. Сол себепті, баспасөз қызметінің мамандары хабарламалар мен мәліметтерді жіберуде жылдамдылық танытуы аса маңызды.

Осы тұрғысынан алғанда, судьялар алдағы уақыттажурналистермен бірлескен түрде тақырыптық семинарларды, брифингтерді жиі өткізу жөнінде ұсыныс білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.