Кәсіптік білім уақыт талабы

0 0

Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің төрағалық етуімен өткен жиында жұмысшы  мамандарды даярлау ісінде қордаланған мәселелерді шешу жайы сөз болды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Бүгінде облыста 49 арнаулы орта білім беретін мекеме жұмыс істейді. Оларда 21 мыңнан астам студент білім алып жатыр. Елбасының «Жалпыға бірдей тегін кәсіптік-техникалық білім беру жобасы» аясында 26 мыңнан астам азамат кәсіптік білім алу жолында ізденісте жүр. Олардың ішінде 6324 студент жұмысшы мамандықтары бойынша тегін білім алуда.

Десекте, білім берудің бұл буынында шешімін күткен мәселелер жеткілікті. Әуелі оқу жылы басында орта буын және жұмысшы біліктерін даярлау мақсатына бөлінген 7 миллиард теңгеге жуық қазына қаржысын тиімді пайдалану мәселесі қосымша зерделеуді қажет етіп отыр.

Оған басты себеп мемлекеттік тапсырыс аясында білім алған студенттердің жұмысқа орналасу көрсеткіші көңіл көншітпейді. Әлі бұл көрсеткіш түзіліп отырған жүйенің де шикілігі көп. Бұған дейін жұмыспен қамту бойынша зейнетақы төлеу қоры арқылы ай сайын жасаланып келген жүйе кәсіптік білім алып нәсібін айырып жүргендердің нақты санын анықтай алмауда.

Одан бөлек, облыс қазынасынан қаржыландыратын мемлекет тапсырыс аясында грант бөлудің талаптарын әлі де болса бір арнаға түсіру қажет. Бұл орайда, басымдық түлекті нәтижелі жұмысқа орналастыруға берілгені жөн. Дуальді білім беру жүйесіне қатысты да көптеген мәселелердің басы ашықкүйінде қалып отыр.

Жиын соңында облыс әкімі білім басқармасының басшысына аймақтарда орналасқан колледждердің мамандықтар тізбесін қайта қарап шығып оларды оңтайландыруды ойластыруды тапсырды. Сондай-ақ, өңірде өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы бойынша маман даярлайтын оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жетілдіруге қатысты ұсыныстарды салалық басқарма басшыларымен әлі де пысықтау қажет екендігін атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.