Тараз жастары Елордаға сәлем жолдады

0 1

Қаламыздың 150-ге жуық жастары Елордамыздың 20 жылдығына орай флешмоб ұйымдастырды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

«Қазақ хандығы» монументінде  жиналған әулиеаталық өрендер Елордаға  деген ыстық лебізін білдіріп, жалынды сәлем жолдады.

Музыкалық қойылымға атсалысқан жастардың дені ел астанасымен түйдей құрдас. Барлығы Елорданың 20 жылдығына аса  жауапкершілікпен қарауда. Өскелең ұрпақтың өз еліне деген сезімін шыңдауға ниетті  қалалық ішкі саясат басқармасы бұл іс шараға ұйытқы болыпты. Мақсаты жас буынның еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін дамыту, сарыарқа төсіндегі Елордамыздың  мерейін арттыру.

Елордамыздың туған күніне арналған іс- шаралар легі алдағы уақыттада өз жалғасын табатын болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.