Қарымды қаламгермен кездесу

0 1

Қазақстан және КСРО жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Дарабоз» бәйгесінің лауреты, Сарысу ауданының құрметті азаматы Пернебай Дүйсенбиннің «Қарлығаш көңіл қаламгер» атты Дара жол кездесуі өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Қарымды қаламгер,Әдебиет әлеміне бала кезінен  танылған Пернебай Дүйсенбинді оқырман қауым «Жұлдыздар неге жылайды», «Қара қарындаш» және «Ақ альбомның басынан өткендері» повесттері арқылы жақсы біледі.

Оның алғашқы шығармалары небәрі 14-15 жасында аудандық,  облыстық газеттерде жарық көреді. Жазушылықтан бұрын қолына қылқалам ұстап, суретшілікке әуес болған бала Пернебайдың қарапайым суреті сол кездегі Москвадан шығатын «Пионерская правда» газетіне жарияланған. Бұл жайт, талапты баланың арманын ұштай түсті.

«Бірінші кезекте оның балалар психологиясын білу,сол балаларға лайықтап жазу,бұл тек осы тақырыпты ашпайды.Сол арқылы имандылық, әдептілік, адамгершілік міселесін оның қадір қасиетін балалар арқылы көркем ашып берген», — «Дулатитану» ғылыми зерттеу орталығының директор Сәмен Құлбарақ.

Жазушының шығармаларында балалардың шынайы жан дүниесі көркем суреттеледі. Оның «Кішкентай генералдар», «Елгезек ертегілер елінде», «Ән салыңызшы, әке»  кітаптары белгілі жазушы сыншылар мен оқырмандар тарапынан үлкен бағаға ие болды.

Ш.Уалиханов атындағы әмбебап кітапханаға қаламгермен кездесуге келген оқырмандар оның шығармаларымен танысып қана қоймай, өнегелі әңгімелерімен де бөлісті.Биыл 75 жасқа толатын Пернабай Дүйсенбиннің әліде халыққа бері алда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.