Аула ойындары етек жайып келеді

0 48

Тараз қаласындағы орталық «Достық» алаңында  Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық «Аула ойындары фестивалі» өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA. 

«Рухани қазына» бағытына бұқаралық ойындарын іске асыру аясында еңгізілген, осыған орай аталған жарыс төртінші рет облыста ұйымдастырылды.

Аула ойындары спорттың 5 түрі бойынша өткізілді: қалашық, ләңгі, асық ату, қашпа доп (выбивалы) және секірмек (скакалки). Команда үш түрлі жас ерекшеліктерінен тұрады: жасөспірімдер 10-14 жас; жастар 14-18 жас; ересектер 18 жастан жоғары.

Аталған жарысқа Тараз қаласы мен аудандардан 459 спортшы қатысты. Жарыс нәтижесі төмендегідей: 10-14 жас ерекшелігі бойынша, І орын —  Қордай ауданы құрама командасы. 15-18 жас ерекшелігі бойынша, І орын —  Сарысу ауданы құрама командасы. 18 жастан жоғары жас ерекшелігі бойынша, І орын —  Байзақ ауданы құрама командасы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.