Жамбыл ауданына қарасты Бектөбе ауылындағы атшабарда жастар арасындағы көкпардан республикалық турнирі өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Атақты көкпаршы Ә.Кенжебековке арналған турнирге елімізден 8 командадан барлығы 96 спортшы қатысқан.
Турнирдің қорытындысы бойынша командалар төмендегі орындарға иеленді :
1 — орын Жамбыл облысы
2 — орын ОҚО
3 — орын Маңғыстау облысы
Турнирдің үздік ойыншысы болып жерлесіміз Құрманбек Тұрғанбек атанды.