Қазақстандық акробаттар Буэнос-Айрес-2018 ойындарына жолдама алды

0 16

Қазақстандық спортшылар Дмитрий Немеренко мен Анастасия Архипова Буэнос-Айресте өтетін жасөспірімдер Олимпиадасының лицензиясын ұтып алды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» ҚР ҰОК сілтеме жасап.

Біздің акробаттар 5-10 сәуір аралығында Бельгияның Антверпене қаласында спорттық акробатикадан өткен әлем чемпионатында, 13-19 жас аралығындағы  аралас  жұп санаты бойынша өнер көрсетті.

Алайда, бұл топтағы бәсекенің жеңімпаздары біздің басқа отандастарымыз Никита Амоскин мен Анастасия Долганюк болатын.

Нәтижелер қос сайыстағы тепе-теңдік және динамика қорытындылары бойынша шығарылды. Амоскин-Долганюк жұбы 56,400 нәтижесін көрсетсе, Немеренко-Архипова жұбы 54,550 нәтижесімен сегізінші орынға табан тіреді.

Жеңімпаздардың Олимпиадаға жастары келмейтіндіктен, Буэнос-Айрес — 2018 ойындарының жолдамасы олардан жастары сәл кіші — Немеренко-Архипова жұбына берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.