Павлодарда зират өртенді

0 0

Павлодарда Пахомовское зиратынан өрт шықты. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz

«Зираттың аумағындағы 1500 шаршы метр құрғақ шөп жанып кеткен. Тілсіз жау сағат 13.25-те ауыздықталып, сағат 14.01-де толығымен сөндірілген. Зират  «Милосердие» қорына тиесілі. Зардап шеккендер жоқ. Шығын келтірілмеген», — деді департаментте.

 Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына отты абайсыз қолдану себеп болған. Тілсіз жауды ауыздықтауға № 34 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан үш техника мен тоғыз адам жұмылдырылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.