Қазақстандық теннисші Парагвай ашық чемпионатында жеңімпаз атанды

0 0

Асунсьон қаласында үстел теннисінен жасөспірімдер арасында Парагвай ашық чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Жарыстың алғашқы үш күнінде командалық сайыстар өтті. Интерұлттық құрамда Зәуреш Ақашева (Қазақстан) мен Гой Руй Хуан (Сингапур) 3:0 есебімен Чили, Парагвай, Бразилия, Гватемала және Перу командаларын жеңіп, жарыстың жеңімпазы атанды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.