Қазақстанның төрт облысында су тасқыны болу қаупі бар, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
«16-17 сәуір аралығында Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында және Алматы қаласында жауын-шашын болуына байланысты кейбір өзендер арнасынан тасуы мүмкін», — делінген хабарламада.
Бұдан тыс, 15-17 сәуір күндері Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғып, кей жерлерде шаңды дауыл болады, найзағай ойнайды. 15-16 сәуір күндері кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.