Қазақстанның жарнама бюджеті Instagram мен YouTube-қа кетіп жатыр

0 2

2017 жылы жарнама мен маркетинг саласындағы қызметтер көлемі жыл басынан бері 21,1% артып, 220,2 млрд теңгені құрады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.

Бұған қарамастан жарнама агенттіктері де 195,5 млрд теңге пайда тапқан (өсім — 23,7%). Сондай-ақ, нарықтық зерттеулерге 19,9 млрд теңге тиесілі (өсім — 7%). Ал, БАҚ-тағы жарнама 4,7 млрд теңгені құрады (63,8% төмен).

Нарық бес жылдың ішінде 61,5% өсті.

Мамандардың айтуынша, биылғы жылы жарнама мен PR-дың негізгі трендері: Instagram мен YouTube.

Бұл желілер өндірушілерге де, ірі компанияларға да қызықты. Осыған байланысты жарнамалық бюджеттер (әсіресе ірі қалаларда) Instagram-ға инвестицияланады.

Дереккөз: Baq.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.