Құдай үйін қорлады. Жамбыл облысында мешітке шабуыл жасалды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА КТК телеарнасының ресми сайтына сілтеме жасап.
Телеарнаның хабарлауынша, 13 сәуір күні Қордай ауданындағы Қайнар ауылында біреу Құдай үйінің астаң-кестеңін шығарып кеткен.
«Бейнекөрініс әлеуметтік желіде кең тарады. Түсірген адамның айтуынша, басбұзар қасиетті ғимаратты әбден қорлаған. Яғни, мұндағы есік-терезелер мен мүліктердің түгін қалдырмай шашып, қиратқан. Тіпті, киелі Құранды «аяққа таптады» деген күдік бар», — деп хабарлады тілші.
Айта кетейік, осы бұзақылыққа барған күнәһар сол Қайнар ауылының тұрғыны болып шықты. Ұсталған 43 жастағы азамат өзінің мас болғанын айтып ақталған. Осы әрекеті үшін ол әкімшілік жауапқа тартылып, үш күнге қамауға алынды.