Жер — біздің байлығымыз

0 7

Жуалы ауданыны бойынша ауыл шаруашылық жерлері 218251 гектар болса, оның 97 910 гектары егістік, 8093 гектары суармалы жерлер.

Бүгінгі күнге 10800 гектар егістік жер айдалып, 44900 гектар жер өңделіп, игерілуде. Үстіміздегі жылдың өнімі үшін 52942 гектар алқапқа ауыл шаруашылық дақылдарын отырғызу жоспарланса, оның ішінде жоспарға сай арпа 22333 гектарға, дәндік жүгері 300 гектарға, көпжылдық шөп 2582 гектарға, көкөніс 650 гектарға толығымен егілді.

Ал, жоспарланған 23492 гектардың орнына 17100 гектар мақсары егілді, 2180 гектарға егілетін картоп 2200 гектарға егілді, 380 гектарға егілетін қант қызылшасының 55 % себілді және 735 гектарға сүрлемдік жүгері егілу жоспарланып, 320 гектарға егілді.

Аудан бойынша қант қызылшасын 380 гектарға егу жоспарланса, бүгінде 327 килограмм тұқым алынып, 215 гектарға себілді. Ақтөбе ауылдық округінің «Жаңаталап» шаруа қожалығы 30 гектарға, Көкбастаудағы «Ержан» ШҚ 20 гектарға, Нұрлыкенттен «Бірлік» «Бәйтерек» және «Төлеген» шаруа қожалықтары 50 гектарға, Шақпақ ауылдық округінен «Даниал» ШҚ 35 гектарға қант қызылшасының тұқымын септі.

Одан басқа,аудандық «МинАгро» бағдарламасын орындау мақсатында 689 шаруа қожалығының 1690 дана мемлекеттік актілері енгізіліп, 32732 гектар егістік жері қамтылды  немесе тапсырма 38,8% орындалды.

Үстіміздегі жылы шаруалар 1926 тонна жеңілдетілген тыңайтқыш алуды жоспарлап отыр. Бүгінгі күнге 2093,75 тоннаға келісімшарт жасалып, 1923,24 тоннаға порталға өтінім берілді. Ал 896,35 тонна тыңайтқыштың қаржысы төленіп, алынды. Оның ішінде 850,55 тонна аммиакты селитра және 45,8 тонна аммофос бар.

«Көктемгі дала жұмыстарына жеңілдетілген бағамен шаруаларға наурызда 390 тонна, сәуірде -1105 тонна дизель отыны бөлінсе, қазіргі таңда «Ауыл мұнай» ЖК 715 тоннаның 300 тоннасын, ал «Ай» ШҚ 377 кепілдендірілген дизель отынын алып, 1 литрін 151 теңгеден қожалықтарға таратып берді. Аудан бойынша егістік жерлер айдалып, өңделіп, көктемгі дала жұмыстары жалғасуда», — дейді аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Сәбит Нұрлыбаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.