Тараздағы «Жеңіс» саябағына күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр

0 2

Таразда Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.

Бұл мақсатқа қала қазынасынан 370 миллион теңге бөлінді. Жоспарға сай саябақ жаңа кейіпке еніп, мұнда Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған үлкен мемориалды кешен бой көтереді. Сондай-ақ, шаһардың шетінде тұрған «Мәңгілік алаумен» орталықта орналасқан Бауыржан Момышұлының ескерткіші де осында көшірілмек. Қазір жұмыстардың бір бөлігі орындалған.

Жандос Өмірзақов, қала әкімінің орынбасары:

— Болашақта ол жерде соғыс ардагерлеріне, ауған соғысы және Чернобыль апатына қатысқандарға музей соғылады. Семей полигонына қатысқандар, солардың барлығы ауыстырылып, көлемді жұмыс жасалады.

Дереккөз: 24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.