Алматы билігі кеміргіштерге қарсы күрестің көктемгі науқанының басталғандығы жайлы мәлімдеді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА Today.kz ресми сайтына сілтеме жасап.
«22 сәуірден бастап Алматыда кеміргіштерді құртуға бағытталған шаралар басталады. Алдымен жаппай дератизациялау жұмыстары жоғары аудандарда жүргізіледі, барлығы 47 мың гектар алаң қамтылады», — делінген бейсенбіде қалалық ауыл шаруашылық басқармасының баспасөз қызметінен таралған хабарламада.
Саябақтар және гүл бақтары, өзендердің жағалауы, су қоймалары, арық жүйесі, қоғамдық көлік аялдамалары, контейнер алаңшалары секілді орындар түгелдей қамтылатын болады.
Бұл жолғы көктемгі шаралар мамыр айына дейін жалғаспақ, келесі кезеңі күзде жүргізіледі.