20 сәуірде ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, тұман түседі

0 0

Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауады, тұман, екпінді жел, ал оңтүстік өңірде шаңды дауыл тұрады. Республиканың кей жерлерінде найзағай күтіледі, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА Қазгидромет РМК сайтына сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с,  тұман түсуі ықтимал.

Павлодар, Маңғыстау, түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Ақмола,  Қостанай, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің күші 15-20 м/с болады.

Ақтөбе, Атырау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейіп, Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.