Мамандар «жазасын өтеушілер арасындағы мұндай көрсеткіш 44 пайызға артқан» деп отыр, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА 24.kz ресми сайтына сілтеме жасай отырып.
Бұл туралы бүгін еліміздің Бас прокуратурасының ресми өкілі Оксана Лоскутова хабарлады. Ведомство мәліметіне сүйенсек, өлім көрсеткіші де артып отыр. Жыл сайын түрмеде 140-150 адам бақилық болады екен. Сол себепті түрмедегі тәртіпті күшейту қажет. Қазір бұл мекемелерде мүмкіндігі шектеулі 756 адам бар. 25 азамат қатерлі ісікке шалдыққан. Тағы төртеуі өзгенің көмегінсіз қозғала алмайды.
Айта кетейік, қазір салада қылмыстық заңнаманы жұмсарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде ел түрмелері халықаралық рейтингте 3-орыннан 73-орынға түсті. Сотталғандар саны 100 мыңнан 35 мыңға дейін азайды. 8 колония жабылып, 12 миллиард теңге үнемделіпті.
Оксана Лоскутова, ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі:
— Құқық бұзушылықтардың негізінде өзара қақтығыстар, режимді әдейі бұзу және денеге зақым келтіру жатыр. Сотталғандардың арасында жанжал туындаудың себептерінің бірі – олардың тұрғылықты мекенжайларынан алыс жерлерде жазасын өтеуі. Бүгінде 12 мың адам туыстарынан алшақ жерде жазасын өтеп жатыр.