Доллар бағамы төмендеді

0 10

Қазақстан қор биржасында (KASE) дүйсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 326,21 теңгені құрады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА KASE-ге сілтеме жасап.

Жұма күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда шетелдік валюта бағамы 0,02 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға 326 теңге, ал ең жоғарғысы 326,5 теңге деңгейінде болған. Сауда көлемі 30,2 млн долларға жетті.

Жұма күні доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 326,23 теңге, күндізгі сессияда 326,14 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 326,17 теңге болған. Сауданың жалпы көлемі 121,25 млн долларды құрады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.