Еуроодақ пен Мексика еркін сауда аймағына қатысты жаңа келісім жасауға сөз байласты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA 24kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Еуроодақтың сауда істері жөніндегі комиссары Сесилия Мальмстрем мәлімдеді. Келісім Еуропа нарығына АҚШ-тың баж салығының ықпалын азайтуды көздейді. Бүгінде Еуроодақ Аргентина, Бразилия, Парагвай және Уругвай елдерімен дәл осындай байламға келуге ниетті. Айта кетейік, бұған дейін Брюссель мен Мехико еркін сауда аймағы туралы келісімге 1997 жылы қол қойған. Ол тек өндіріс тауарларына ғана қатысты болатын. Тараптар енді келісімді жаңартып, айналымдағы тауарлар қатарын көбейтпек.
Сесилия Мальмстрём, Еуроодақтың сауда істері жөніндегі комиссары:
«Мексикамен арадағы еркін сауда аймағы туралы келіссөздің соңғы кезеңіне келдік. Аз уақыттың ішінде тиісті шешімдер қабылдап, ескі келісімді жаңартуға сөз байластық. Бұл өзгерістердің бәріміз үшін маңызы зор».