Оқушы қыз 4,2 салмақпен өмірге бала әкелді. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, кәмілетке толмаған қыз 22-і күні баласын өмірге әкелді, деп хабарлайды stan.kz.
“Қыз бала 2005 жылғы. Дәрігерлердің көмегімен отасыз баланы өзі өмірге әкелді. Нәрестенің салмағы 4,2 келі”, – дейді дәрігерлер.
Жас ана ата-анасымен Сарыағаш ауданы, Қаратөбе ауылында тұрады.
Қазір полицейлер тергеу жүргізуде. Оқушы қыз жергілікті мектептің 7-сынып оқушысы.