Жамбыл облысы ТЖД қызметкерлері интерактивті сабақ өткізді

0 7

Үстіміздегі жылдың 23 сәуір күні облыс әкімдігінің білім беру басқармасында Өрт қауіпсіздігіне байланысты облыстық ТЖ қызметкерлері 53 мектеп оқушыларымен интерактивті сабақ өткізді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Шара барысында қазіргі заманғы тұрғын үйлерде өрттің шығуы негізінен тұрғындардың отты пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау және балалардың отпен ойнауы салдарынан орын алып жатқандығы айтылды.

Сондай-ақ, ТЖ қызметкерлері оқушыларға негізгі өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша әңгіме өрбітіп, оқушылардың қызықтыратын сұрақтарына тиісінше жауаптарын берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.