Бұл туралы ӨКҚ өткен брифингте Сарысу ауданының әкімі Нарбаев Балабек Жанбекұлы айтты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.
2020 жылдан бастап жылына 2,8 млн тонна тауарлы өнім өндіру жоспарлануда. Бұл жоба минералды-тыңайтқыштардың көлемін арттырады. Осыған сәйкес, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі де ұлғая түспек.
Сондай-ақ, бүгінгі күні «ЕвроХим-Тыңайтқыш» ЖШС-де — 235 адам, «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС — 166 адам, Сары-Тас-Тыңайтқыш — 75 адам, барлығы 476 адам жұмыспен қамтылып отыр. Олардың ішінде 333 адам яғни, 83% жергілікті адамдар. Сонымен қатар, мердігер компанияларда 300-ден аса тұрғын жұмысқа тартылған.
Тағы айта кетерлігі, халықтың табысы жылдан – жылға артып келеді. Өткен жылы кәсіпорындардың толық шеңбері бойынша бір қызметкердің орташа жалақысы 106 555 теңгені құраса, бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 4,2 пайызға артты (2016ж-102 213тг).